Танымал блогер Динара Сәтжанның күйеуі Жұмабек Жанықұлов журналистің саясатқа қатысты сұрағына жауап беремін деп, сынға қалды деп жазады Democrat.kz.
Танымал кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов журналист Сәния Тойкеннің: "Партия құрамын дегені үшін жеті жылға сотталған Марат Жыланбаевқа қатысты не айтар едіңіз? Әділетсіз түрмеде жатқан жоқ па?" Деген сұрағына жауап берді.
"Мен оның не үшін сотталып жатқанын білмейді екенмін. Иә, естігенім бар. Егер ол партия құру үшін сотталып жатқан болса, әділетсіздік дер едім.
Бірақ басқа жағын білмейді екенмін. Әркім өз бағдарында, саласында маман болғаны дұрыс. Мен әр тесікке бір жамау болғым келмейді. Саясатқа араласа алмаймын. Партиялар қонаққа шақырса, қонақ ретінде барамын", деді Жұмабек Жанықұлов.
Кәсіпкердің бұл жауабына қатысты жұрт "қорқады", "дұрыс қой, әркім өз ісімен айналыссын", "бәрін жақсы біледі, айтуға қорқады", "өтірік жынды болатындар бар қоғамда, қара бастарын ойлайды", "шындық айта алмайды" дегенге саятын пікір жазуда.