Әлеуметтік желіде медреседе білім алған қари діни оқу орнының ішкі жағдайы туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.
"Жалпы адамдар медресеге екі түрлі жағдайда келеді. Бірі ақыл тоқтатып, рухани бай болу үшін арнайы келсе, енді бірі ата-анасының ықпалымен, мәжбүрлеуімен келеді.
Ал осындай адамдар медресені бітірген соң, екі түрлі болып шығады. Өмірдің қисық жолынан медресеге келгендер, түзеліп шығады.
Ал әкесі мен шешесінің күштеуімен келгендер медреседе де тәртіпке бағынбайды, білім алмайды. Бітіріп шыққан соң шынжырынан босанған ит сиқты болады.
Медреседе төрт жыл бойы қарилыққа оқитындар өздерін шаршатып алады. Күнде таңнан тұрып діни білім оқи беруден кейбіреулер шаршап, жалығып кетеді.
Қарилардың әрі қарай білім қумайтыны содан деп ойлаймын", дейді қари жігіт.