Діндар Данияр Кенжеұлы өзінің әлеуметтік желі парақшасында тіл мәселесіне қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Тәуелсіз елміз деп айтудан жалықпаймыз. Бірақ отардың тілін ресми деңгейде ұстап отыруды әлі күнге дейін қалыпты көреміз.
Бодандықтан арылған елдер ең алдымен тілін түзеген. Біз сол қадамды отыз жыл бойы айналып жүрміз.Егер мемлекеттік мекемеде өз тілің міндетті болмаса, ол тіл санада да міндетті болмайды.
Өзгеріс енгізудің сәті емес деп айтып жүргендер бар. Ал қашан. Қашан қолайлы болады. Қашан отарлық санадан толық арылып үлгереміз. Ондай күн өздігінен келмейді. Талап етпесек ол күн тумайды", деп жазды Данияр Кенжеұлы.
Діндардың бұл жазбасына қатысты жұрт қызу қолдау білдіріп, разы болысып жатыр.
