Мексикадағы Тихуана атты қаланың діндары масқара жағдай бойынша жауапқа алынбақ деп жазады Democrat.kz.
Тихуана қаласының Америка жағында Эммануэль Шалета әулие әке қызметін атқарған.
Шіркеу қызметкері Тихуанадан Гонконгке жиі сапарлайды екен. Ең қызығы, діндар Гонконгке діни бір миссиямен емес, сол жақтан жезөкшелер сатып алуға баратыны мәлім болды.
Мұнан да сорақысы, діндар Гонконгқа шіркеуге түсетін садақа ақшасы жеткілікті деңгейде жиналған соң баруды әдетке айналдырған.
Дінге, құдайға сеніп, қайырымдылыққа сеніп қалтасындағы ақшасын шіркеуге беретін кісілер ол жердегі діндардың мынадай сорақылықпен айналысқанын естіп, жағаларын ұстады.
Шіркеудің "қасиетті әкесі" күдіктің құрығына түсіп, қазіргі кезде тергеу абақтысында жасаған тірліктері бйынша жауап беруде.