Діндарлардың шағымы көбеюде: Онлайн дүкендер сауда жасатпауда, әуежайда намазхана жоқ...

Діндарлардың шағымы көбеюде: Онлайн дүкендер сауда жасатпауда, әуежайда намазхана жоқ...

Қоғам белсендісі, кәсіпкер Шахметова Перизат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында кей онлайн дүкендерге шағымданып, ренішін білдірді деп жазады Democrat.kz.

Шахметова Перизаттың айтуынша, еліміздегі ең ірі онлайн магазині бар Каспи маркетплейсі діни тауарларды сатуға рұқсат бермей жатқан көрінеді. 

Осындай шағыммен әлеуметтік желіге фото мен жазба жариялаған Перизат жұрттан оңбай сөз естіп қалды. 

"Каспи өте дұрыс жасаған! Діни пропагандаға жол жоқ. Заңда да жазылған, діни дүниелерді қайда қолдану керегі"дегенге саятын пікір жазған жұртқа дін өкілдері қарсы шығуда. 

Осыған ұқсас шағымның тағы бір түрі шымкенттік діндардың тарапынан болды. "Шымкенттің жаңа әуежайы керемет екен, бірақ намазхана неге жоқ?" Деген діндардың ренішке толы жазбасы да сынға ұшырады. 

"Қазақстанның діни мемлекет емесін осылар білген күні бәлкім діннен де бас тартатын шығар? Әйтпесе, білімі бар адам бұл елде діндарларға ешқандай комфорт жасалмайтынын ұғар еді ғой?!" Дегенге саятын пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар