QazaqAiran арнасына берген сұхбатында әнші Саят Медеуов дін тақырыбын қозғап, өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
Өз сұхбатында Саят Медеуов қазіргі қоғамда дінді уағыздап, кереғар дүниелер айтып жүргендерге реніші барын жасырмады.
"Интернетте отырып алып, елге ақыл айтып, болмайтын дүниелер айтып отырғандарды жазалау керек. Дінді насихаттағандарға айыппұл салу керек.
Дінді насихаттай отырып, мынаны өйту керек, ананы былай істеу керек деп отыратындардың бәрін елеп, екшеп, ішінен қалатындарын сүзгіден өткізу керек.
Осылардың бәрін Діни басқарма қадағалау керек. Ақыры айыппұл салғыш мемлекетпіз ғой. Сондайларға айыппұл салу керек.
Елге дұрыс нәрсе айтпадың ба, елге жаман нәрсе айттың ба ондайларды жазалау керек. Өтірік емес, дінді насихаттап жүріп, төсек туралы нәрселер айтады.
Сенің айтқан нәрсеңсіз де біз дүниеге келгенбіз. Сен үйретпесең де, жұрт ақымақ емес" деді Саят Медеуов.