Әлеуметтік желіде пайда болған "жаңа имам" Асқар Мұқанның уағыздарына қатысты жұрттың пікірі екіге жарылды деп жазады Democrat.kz.
Имам Асқар Мұқан бүгінге дейін халықты діннен жерітіп, Исламнан бездіріп келген басқа уағызшыларға ұқсамайтын, жаңа қырынан діни уағыз айтып бастады.
"Балаңа діни тәрбие бер. Бірақ одан маңыздысы және бастысы, балаңның бойына ұлттық құндылықтарды сіңір"дегенге саятын уағызымен жұрттың көңілін жібіткен имамның сөздеріне "міне, уағызды осылай айту керек", "өте дұрыс" деушілер аз емес.
Десек те, діндарлардан әбден зәрезап болғандар төмендегідей пікір жазуда.
