Иран қыз Ромина Багери өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Иран еліндегі жұрт біле бермейтін сорақы шындықтарды айтып берді деп жазады Democrat.kz.
Иранда туып өскен Ромина өз елінен бас тартып, басқа елге кеткеніне біраз болып қалған.
Бірнеше күннен бері Иранда басталған соғыстан кейін кей мұсылман адам "ойбай, ол жақтағы діндес бауырларымызды қырып жатыр" деп шындықты білмей, пікірді қарша боратып жазуда.
Осыған байланысты ирандық блогер Ромина: "Әлеуметтік желіде отырып, пәлен, түген дей беру оңай ғой. Алайда Ирандағы адамдардың сорлы өмірін сол жерде кемі бес жыл тұрған кісі ғана түсіне алады.
Мен Иранда өскен адаммын. Иран халқы Еуропа халқындай өмір сүргісі келіп, жанталасып жатқан жоқ. Иран халқы бар болғаны адамша өмір сүргісі келеді.
Әйелдер мен қыздарды орандыру үшін биліктің жандайшаптары не істемеді. Қаншама қыздарымыз режимнің құрбанына айналды. Иран паспортының өзі бізге басқалардың қорқа қарауына себепші екенін білу қандай ауыр.
Дін дейсіздер. Ал сол діннің өзі әркімнің ыңғайына икемделген дүниеге айналған бізде. Шиит болмаған кісіге Иранда өмір сүру мүмкін емес. Экология, экономика туралы айтудың өзі артық.
Өмірімнің жартысы өткен Иран туралы менен артық кім білсін?! Оранбағаны үшін алты жүз мың адам өлгенін білесіз бе?
Айдалада отырып алып, діндес бауырларымыз деп көлгірсудің керегі жоқ. Иран халқы да агрессиялы діннен алыстап, кәдімгі адамның өмірін сүруге қақылы", деді.
Блогер Роминаның осындай тақырыптағы бірнеше видеоларына өзін мұсылман санайтын кей кісілер "әйелдер оранып жүруі керек, Ирандағы ол режим құламауы керек" дегенге саятын ақымақ пікірлерін тықпалап жатыр.
Бұған қатысты блогер "әйелдермен алысқаннан басқа бітірген түгі жоқ елдердің ақыры осылай болатынын" қадап айтты.