Діни бауырлас деген жоқ: Түркия шекараларын жапты

Діни бауырлас деген жоқ: Түркия шекараларын жапты

Түркия бірнеше қара жол шекарасын жапты. Бұл туралы Түркияның сауда министі Омер Болат мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.

Түркия елі Иранмен шектесетін үш шекара бекетін жартылай жапты. Ағры, Ван, Хаккария қара жол бекеттерінен қазіргі кезде тек жүк көліктері ғана өтуде.

Ал жаяу азаматтар Иран жақтан енді Түркияға кіре алмайды. "Қазіргі шиеленіскен жағдайға байланысты осында шараға бардық" деген Түркия билігі шекара бекеттерінің қашан ашылатынын әзірге айтпады. 

Әлеуметтік желіде осы ақпаратқа қатысты жұрт тоқтаусыз пікір жазып, бірі Түркия билігін кінәласа, енді бірі Ирандағы соғысты айыптап жатыр. 

Бір тарап "Діни бауырымыздың басына күн туғанда, оның үстіне қасиетті айда Түркияның өз шекарасын жауып қоюы дұрыс емес", "мұсылманның басына күн туғанда басқа мұсылманның бұлай жасағаны сатқындық емес пе?", "Иранда дін бауырларымыз қиналып жатқанда, Түркияның мұнысы несі" дегенге саятын ренішке толы пікір жазуда.

Ал келесі бір тарап "ирандықтар қашаннан бері түріктердің бауыры еді?", "дінде бауыр болса, онда неге арабтар ирандарды қорғамайды?", "Ердоған өте дұрыс жасады, Түркия резеңке емес! Онсызда сириялық босқындар босып жүр мұнда", "діни бауыр дейтін топастар, егер дінде бауырмалдық дейтін киелі қасиет болса, Ауғанстан мен Пәкістан неменеге соғысып жатыр? Дінде бауыр деген түсінік жоқ" десуде.

Барлық жаңалықтар