"Дінімізді осынша масқара еткенің жетер!" деген жұрт уағызшыны сөзбен талап жатыр

"Дінімізді осынша масқара еткенің жетер!" деген жұрт уағызшыны сөзбен талап жатыр

Бірнеше күннен бері түрлі әлеуметтік желілерде "тек менікі дұрыс" дегенге келетін ақылы мен уағызын айтып, басқа діндарларды сынап, мінеп отырған уағызшы Данияр Кенжеұлы Threads-те жұрттан оңбай сөз естіп жатыр деп жазады Democrat.kz. 

Уағызшы өзінің парақшасында: "Мені ғайбаттап, етімді жеген мұсылмандардың бәрін кешіріп жатырмын", деп жазба жариялаған еді.

Осы жазбаның астына пікір жазғандар діндардың өзін сөзбен талап, өткір сындарын айтуда. 

"Өзіңізге көп алмаңызшы. Сіздің агрессияыңызбен, ә десе мә дейтін “көркем емес мінезіңізді бізде кешірдік. Жылқының етін жейміз сосын"

"Болды, бұдан кейін дым жазба, осы масқара болғаның жетеді." -бұл сенің маған жазған сөзің. Өзіңе қайтардым. Сыртыңнан емес бетіңе айтайын.

Дін исламымызды осынша масқара еткенің жетер. Әр жерге қатты-қатты пікір жазасың. Адамдардың көңілі, мұсылманның көңілі демейсің. Әр жерге барып құсасың.

Осы ұстаздық, осы тақуалық па? Нұрлан имам секілді дін адамдарын жер қыласың. Құдайға шүкір басқа керемет дана ұстаздарымыз бар."

 
 
Барлық жаңалықтар