"Діншілдер жазған кітаптарды өртеу керек!", "Ұлы тұлғаларды, ұлт салттарын қорғайтын заң шығару керек!" дейді қоғам белсенділері

"Діншілдер жазған кітаптарды өртеу керек!", "Ұлы тұлғаларды, ұлт салттарын қорғайтын заң шығару керек!" дейді қоғам белсенділері

Бірнеше күннен бері Facebook әлеуметтік желісінде қоғам белсенділері мен танымал тұлғалар еліміз үшін маңызды дейтін екі мәселе туралы пікір білдіріп, үндеу жасауда деп жазады Democrat.kz.

Естеріңізге салып өтейік, екі аптадан бері қоғамды шулатқан екі мәселе бар. Бірі - қазақтың ұлы ақыны Абайды мазақ ету, ("Абай мен Ділдә "неткен" бөлме) және қазақ ұлтының атадан балаға мирас болып, сан ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан салт-дәстүрін жымысқы мақсатпен, айналдырып, тігісін жатқызып, Ислам дініне апарып телуге байланысты мәселе. 

"Құйрық-бауыр асату - әзіреті әлиден бері келе жатқан дәстүр", "сырға салу - сахабалардан келе жатқан дүние", "әлди-әлди жыры "алла-алла" деген сөзден"  деген сияқты қисынсыз, дәлелсіз дүниелерді жұрттың санасына сыналай енгізу мақсатында түрлі кітаптар шығарып жүргендер аз емес. 

"Бабалар сөзі", "Отбасы хрестоматиясы" сынды кітаптар қазірдің өзінде діттеген мақсатына жеткенін басқа емес, сауатты саналатын журналистің бір видеосы көрсетті. (Әлия Әшімнің "Құйрық-бауыр асату" туралы видеосын қараңыз)

Осыған байланысты қазіргі кезде "діншілдер жазған кітаптарды түгел өртеу керек" дейтін топ пайда болды. 

Мұнан бөлек, журналист Оңға Қабден де парақшасында "Шұғыл ұлт тұлғалары мен ұлттық дәстүрлерді қорғау үшін арнайы заң қабылдау керек!" деп үндеу жасады

Журналистің бұл жазбасын толық қолдап "өте дұрыс!", "бұлай кете берсе, ұлттығымыздан айырыламыз" дейтін пікірлер көптеп жазылуда. 

Барлық жаңалықтар