"Дипломды сатып алған кей кісілер" қоғамды басқарып отыр

"Дипломды сатып алған кей кісілер" қоғамды басқарып отыр
Қоғам белсендісі, экономист Сәбит Рысбаев диплом сату мәселесін көтеріп, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Бұрында жұмысқа адам қабылдап жатқанбыз. Алматының қызы келді. Университетті Шымкентте оқыпты. Негізі керісінше болады ғой. Шымкенттіктер Алматыда оқитын. Резюмесін қарасам Мирас деген жеке университетте оқыған екен.
 
Содан ана қызға Мирастың қай корпусында оқыдың деп сұрадым. Алматының қызы Шымкентте оқығанына таң қалғанмын ғой. Сөйтсем білмейді. Мирастың қайда орналасқанын да білмейді.
 
Шымкентке бармаған да секілді. Ошым дипломды сатып алған ғой.
 
Пәлен күннен бері әлеуметтік желіде депутат Ардақ Назаровтың группаласын іздеп жатыр. Табылмайды ол. Экономист және заңгерлікті де оқып алған екен.
 
Ардақтан жәйлап инфляция деген не десең білмейтініне кепілдік беремін. Әлия Назарбаеваның күзетшісі не заңды, не экономиканы түсінеді деп ойламаймын.
 
Оқыған университетінің қай корпусында оқыдың десең бұл да жауап бере алмаса таң қалмаймын.
Ардақ жалғыз емес. Қазақстанда дипломның сатылатыны рас.
 
Қаншама әкімдер мен шенеуіктер осылай екінші дипломды сатып алған. Мына әкіммен бірге оқып едік дейтін адамды таппайсың. Ең жаман нәрсе осы білімнің сатылатыны. Мұны Асхат Аймағанбетов та, Саясат Нұрбек те түзей алмаған" деп жазды Сәбит Рысбаев.
 
Сәбит Рысбаевтың бұл жазбасына қатысты пікір білдіргеннің бәрі "дипломды сатып алып, үлкен қызметте талай кісінің жүргенін" білетінін айтуда. 
 
Сонымен қатар диплом сататын университеттің ең көбі Шымкент жақта екені де жазылуда. 
Барлық жаңалықтар