2023 жылы Маңғыстау облысында 7 мұғалімнің жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды. Олар бірден жұмыстан шығарылып, материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Жалпы, ел көлемінде жалған диплом фактілері 30-дан астам жағдайды құрады. Бұл мәселе әсіресе ауылдық жерлерде кадр тапшылығына байланысты өршіп отырғаны анықталды. 2024 жылы жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдердің саны күрт көбейгені байқалады. Атырау облысында тексеріс барысында 81 мұғалімнің құжаты жалған екені белгілі болды. Маңғыстау облысында да қосымша 9 жағдай тіркелді. Барлығы ел бойынша мыңға жуық жалған дипломмен жұмыс істеген педагогтар анықталып, тиісті шаралар қолданылды. Сонымен қатар Түркістан облысында ерекше жағдай тіркелді: 500-ге жуық мұғалімнің жалған дипломмен жұмыс істеп келгені белгілі болды. Бұл көрсеткіш мәселенің қаншалықты ауқымды екенін айқын көрсетіп отыр. Бұл мұғалімдер бірнеше жыл бойы білім беру жүйесінде еңбек еткені тексеріс кезінде анықталғанЖалған дипломмен жұмыс істеудің бірнеше себебі бар: 1.Жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі. Кейбір шалғай елді мекендерде мұғалімдерге деген сұраныс жоғары, алайда кәсіби ұстаздардың тапшылығы байқалады. Осы жағдайды кейбір адамдар өз мүддесіне пайдаланып, жалған құжатпен жұмысқа тұрады. 2.Бақылау мен тексерудің әлсіздігі. Кей жағдайларда жұмысқа қабылдау кезінде құжаттардың шынайылығын тексеру жүйесі жеткіліксіз болып жатады. 3.Жауапкершіліктің болмауы. Жалған диплом иелері өздерінің әрекеттерінің салдарын түсінбеуі мүмкін немесе жауапкершіліктен жалтарып кетемін деп сенеді. Мұндай құбылыстың салдары қандай? 1.Білім сапасының төмендеуі. Жасанды дипломмен жұмыс істеп жүрген адамның біліктілігі сәйкес келмесе, ол оқушыларға сапалы білім бере алмайды. Бұл балалардың оқу үлгеріміне, болашақ мүмкіндіктеріне кері әсерін тигізеді. 2.Мектеп беделінің түсуі. Мұндай жағдайлар анықталған кезде оқу орындарының беделі мен ата-аналардың сенімі төмендейді. 3.Қоғамдық наразылық. Жалған дипломмен жұмыс істейтіндер шынайы білім алған мамандардың еңбегін бағаламау болып табылады. Бұл қоғамдағы әділетсіздік сезімін арттырады. Мәселені жою үшін жүйелі шаралар қажет: 1.Құжаттарды тексеру процесін күшейту. Жұмысқа қабылдау кезінде дипломдардың түпнұсқалығын тексеретін арнайы жүйелер енгізу қажет. 2.Жаза мен жауапкершілікті арттыру. Жалған дипломмен жұмыс істегендерге заңды түрде қатаң жаза қолданылуы тиіс. Бұл басқаларға сабақ болар еді. 3.Мұғалімдерді даярлау мен қолдауды күшейту. Білім беру саласында кәсіби мамандардың санын арттыру үшін арнайы бағдарламалар әзірленіп, мұғалімдердің жағдайын жақсартуға көңіл бөлінуі керек. Жалған дипломмен жұмыс істеу – тек бір саланың мәселесі емес, ол бүкіл қоғамға әсер ететін күрделі проблема. Әрбір мұғалімнің кәсіби біліктілігіне сенімді болу – ұрпақ тәрбиесінің және мемлекеттің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін қоғам болып жұмылып, нақты шаралар қабылдауымыз қажет. Мақаланы дайындаған: Айжүрек ӨМІРБАЙ. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Дипломды сатып алған мұғалім - болашағымыздың бас дұшпаны
-
Бангкоктегі БҰҰ халықаралық экологиялық форумында Жаңа адамдар Каспий теңізін сақтауға шақырды14:21, 31 қазан 2026
21
-
«Жылдан-жылға азайып жатыр»: Мұғалімдердің жалақысы неге жұтаңдап барады?14:00, 31 қазан 2026
85
-
"Ұстаздар сенбейді": Жұлдыз Сүлейменованың келесі уәдесі сынның астында қалды13:00, 31 қазан 2026
120
-
"3-7 күнге жетерлік ас-суларыңды дайындаңдар!": Бірнеше елдің халқына шұғыл ескерту жасалды12:00, 31 қазан 2026
120
-
«Біз енді үнсіз қала алмаймыз!»: Бір топ педагог құзырлы органдардан шұғыл тексеріс талап етті11:00, 31 қазан 2026
212
-
«Мұғалімнің мойнына іле салған!»: Белсенді педагог министрге үндеу жасады10:00, 31 қазан 2026
210
-
Түркістан келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады18:16, 30 қазан 2026
101
-
АҚШ Федералдық резерв жүйесі мөлшерлемені өзгертпеді: инфляция әлі де жоғары18:00, 30 қазан 2026
110
-
Біріккен Араб Әмірліктерінде мұнай дағына байланысты Шарджа жағажайлары жабылды17:30, 30 қазан 2026
105
-
Қазақстанның Арал–Каспий автожолы 2028 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін17:00, 30 қазан 2026
106
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6083
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5920
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4605
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4340
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3931
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3314
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
3027
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
3002
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2846