Дипломсыз мұғалімдерді әшкерелеген педагогты қудалау басталды

Дипломсыз мұғалімдерді әшкерелеген педагогты қудалау басталды

Мұғалім шындықты айтса да, мойындағысы келмейтін кімдер?30 жыл елді билеген, сөз бостандығын шектеген ескі биліктің тұсында былық пен шылыққа батқан қазақ қоғамына жаңа серпіліс кірген сияқты еді.

Президент жалғыз. Ол кісі қанша жерден тапсырма жүктесе де, ескі жолмен жүріп қалғандарға "баяғы соқыр әуеннен" арылғысы жоқ. Жемқорлық. Жебірлік. Қай жерде болса да "бөліп алып билеу" заңды белден басу. Бюджеттен жұмысқа келмей еңбекақысын алып, жоғарыда отырғандарға сеніп, сенім артса, ақиқатты айтты деп Алмагүл Қайырқожа сияқты еліне, болашағына, ертеңіне алаңдағандарды "шындықты айттың" деп құйрығы тұтам өтірікпен қылтың-сылтыңға салып жәбір көрсетіп, мазасын алса, онда білім саласының жеткен жетістігі қандай болмақ!? Бас -басына би болып, мемлекеттін қаражатын "ішінара" бөліске салып туған-туыстарын майлы қазанға ортақ қып қойса, оны ешкім тексермесе демек бір гәп жатыр! Қазақта сөз бар "қыңыр бір жақ, қырсық бір жақ" деген. Қыңыр кім, қисық кім сонда, ақиқатты айтқанды -қыңыр, қисық дей ме? Жоқ олай емес, шындық бәрінен қымбат! Ақиқатында біздің қоғамға әсіресе "өзім білем" деген мақсатпен жүргендерге шындықты айтқан адам жақпайды. Оны аяқтан шалуға, көзін құртуға, амалын жасап я болмаса көзтүрткі қылып ауру қылуға бар күштерін салып барып жояды. Ал, білім саласында осындай боп жатқан соң, басқа саланың жай-күйін ойлаудың өзі қорқынышты. Егер, ұстазы шәкіртіне жаны ашымай жоғарыда отырған басшының ықпалынан шыға алмаса, ондай баладан қандай мемлекеттік тұлға шығады!? Жалпы соңғы жылдары ұстаздардың статусын көтердік дейді. Бірақ, әлеуметтік желіде жан айқайға басып жатқан, мектеп әкімшілігінен, ауданнан, облыстан қысымға ұшыраған ұстаздар көбейіп кетті. Алмагүл Қайырқожа "дипломсыз жұмыс" істеген мұғалімдер туралы айтқаны үшін қызметінен қуылыпты. Құдай-ау, егер олардың дипломы болмаса, қалай шәкірт тәрбиелеп отыр!? Қандай құқы бар? Айтпақшы Алмагүл Қайырқожа әділдік іздеп сотқа жүгініп жатыр. Бурабайдың ЖЕҢІСІ, қоғам белсендісі. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар