Қоғам белсендісі, заңгер Бекболат Қаржан көптен бері түрлі қысымдар мен әділетсіздік көріп келе жатқан ұстаз Маржан Баимбетоваға қатысты сорақы жағдайдың орын алғанын хабарлады деп жазады Democrat.kz.
"Шұғыл! Шұғыл! Шұғыл!
Маржанды заңды өрескел бұза отырып, жұмыстан шығарып жіберді
Мынау сенсациялық шешім болды. Бұл іс енді насырға шабады. Қызу жұмыс енді басталған сияқты.
Біз шұғыл түрде:
1. Сапаны қамтамасыз ету департаментіне
2. Түркістан Облысының Білім Басқармасына
3. Қазығұрт Ауданы Білім Бөліміне
4. Қазығұрт ауданы полиция бөліміне
5. Прокуратураға
6. Еңбек инспекциясына арыз жолдадық.
Директор қабылдаған процесстік шешім өте күмәнді. Тарқатып айтсақ, былай өрбіген:
1. 09 қазан 2025 жылы Қазығұрт ауданы білім бөлімінің бас маманы Есіркепов Ерғали мектепке арыз бойынша зерделеу жұмыстарын жүгізуге келген.
Есіркепов Ерғали әдеп кеңесі мен кәсіподақ жиналысының хаттамасы болмағандықтан, мектеп директоры Аманқұлов Нұрланға сөгіс берді. Алайда, Есіркепов Ерғали кете салысымен, мектеп директоры іле-шала кәсіподақ жиналысын шақырып, Маржанды жұмыстан шығару мәселесін көтерген.
Хаттама түзгені де белгісіз. Хаттаманың бары мен жоғы да белгісіз. Бірақ, кәсіподақ жиналысының хаттамасын Маржанға бермеген.
«Жаңатірлік» жалпы білім беретін мектептегі кәсіподақ жиналысында Маржанды мәжбүрлеп, үстінен қылмыстық іс қозғалып жатқан адаммен келісімге келтірмек болған.
Бұл қорқытудың сорақы түрі. Әріптестері алдында аяусыз қорлаған сөздер жазып, үстінен қылмыстық іс қозғалып жатқан адаммен келісімге келмегені үшін Маржанды жұмыстан шығару процесін іске асырып үлеріпті.
2. Мектеп директоры Аманқұлов Нұрлан 13.10.2025 жылы Маржан мен үстінен қылмыстық іс қозғалып жатқан адамның ісіне қатысты әдеп кеңесінің жиналысын шақырған. Жиналыста Маржанды мәжбүрлі түрде келісімге келмегені үшін мектеп директоры Аманқұлов Нұрлан қатаң сөгіспен жұмыстан шығару туралы заңсыз хаттама түзген.
3. «Жаңатірлік» жалпы білім беретін мектебінде әдеп кеңесінің құрамы заңды түрде хаттамамен бекітілмеген. Мектеп директоры Аманқұлов Нұрлан Маржанның ісін заңсыз құрылған әдеп кеңесінің құрамыммен қараған. Заңсыз бекітілген құраммен заңсыз хаттама түзген. Алдын ала ешқандай да ескерту бермеген.
4. «Жаңатірлік» жалпы білім беретін мектебінің әдеп кеңесінің бекітілмеген заңсыз құрамымен мектепке ешқандай да қатысы жоқ ауыл шалдарын қатыстырған. Хаттамалық жиналыста ауыл шалдарының нұсқауымен, ескертуімен мәжбүрлі түрде Маржанның жеке басын қорлаған, үстінен қылмыстық іс қозғалған адаммен үш күнде келісімге келмесең, арыз-шағымыңды кері қайтарып алмасаң, қатаң түрде жұмыстан босатылатынын хаттамаммен бекіткен.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 115-1-бабы (жақында ғана енген бап) бойынша дәл осы іс-әрекетке қатысты заң алдында қылмыстық жауапкершілік қарастылырған.
5. «Жаңатірлік» жалпы білім беретін мектебінің әдеп кеңесінің бекітілмеген заңсыз құрамымен ауыл шалдарын қатыстырған заңсыз хаттамалық жиында Баимбетова Маржанды еркінен тыс мәжбүрлі түрде үстінен қылмысты іс қозғалып, сотта жауап беріп жатқан адаммен келісімге келмегені үшін 13.10.2025 жылғы әдеп кеңесінің заңсыз (қылмыстық құрамы болуы мүмкін) хаттамалық жиналысының хаттамасымен Маржанды 16.10.2025 жылғы №1-44 бұйрығымен заңсыз жұмыстан босатқан.
Аталған іске қатысты жаңа мән-жайлар туындауына байланысты «Жаңатірлік» жалпы білім беретін мектебінің директоры Аманқұлов Нұрланның іс-әрекеттеріндегі мұндай сорақы процедуралар мен іс-әрекеттердің қылмыстық құрамы болуы мүмкін. Мұны құқық қорғау органдарына жолдадық.
Шұғыл түрде қылмыстық іс қозғауға процестік шешім қабылдануы керек.
Міне, қазақтар!
Біздің білім саласында отырған, өскелең ұрпақтың болашағына жауапты адамдардың істеп отырған тірлігі осындай.
Бұл іс нағыз қызған фазасына енді келді. Біз де Маржанның жанындамыз. Мен уәде беремін, ақыр соңына дейін осы істі апармай, біз тоқтамаймыз.
Директор маған заңсыз айыптап отырсың депті. Заңсыздықты құқық қорғау органдары алдағы уақытта анықтап, құқықтық бағасын береді" деп жазды Бекболат Қаржан.