Директордың сорақы тыйымы: "Баланы сабақта дәретханаға жібермеу - қастандық емес пе?"дейді белсенді ұстаз

Директордың сорақы тыйымы: "Баланы сабақта дәретханаға жібермеу - қастандық емес пе?"дейді белсенді ұстаз
Белсенді ұстаз Айман Сағидулла Алматы облысы, Қарасай ауданындағы бір мектеп директорының қисынға келмейтін бұйрығы туралы айтып, дабыл қақты деп жазады Democrat.kz.
 
"5 -сынып пен 11-сыныпқа дейінгі балаларды сабақ үстінде дәретханаға жібермеңіздер,"-депті Қарасай ауданының бір директоры.
 
Сонда табиғатқа қарсы шығамыз ба?
Бала құқығын таптау емес пе?
Егер бала ыңғайсыз жағдайда қалса не болады?
Осындай қарапайым дүниені де біреу үйретуі керек пе бұларға?
 
Алматы облыстық Білім басқармасы!
Қарасай ауданы Білім бөлімі!
Директорларға түсіндіру жұмысын жүргізіңіздер.
Кім екенін білгілеріңіз келсе, менде телефоны бар.
Суреттің толық нұсқасын сақтап қойдым. 
 
Оқушы дәретханаға барғысы келсе барады. Оған ешкім қарсы тұра алмайды.
Робот оқушы, робот мұғалім жоқ .
Осыны түсіну қиын ба оларға?"деп жазды Айман Сағидулла. 
Барлық жаңалықтар