Дженнифер Лопес Астанаға ұшып келді

Дженнифер Лопес Астанаға ұшып келді

Америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопес 1 тамызға қараған түні Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына ұшып келді, деп хабарлайды Democrat.kz тілшісі.

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Дженнифер Лопесті тасымалдаған ұшақты қарсы алды. Әнші жоспарланған концертті өткізу мақсатында елордаға ұшып келді. Сәтті өнер көрсетіп, Астанадағы уақытын жайлы өткізуін тілейміз!», - делінген әуежай таратқан хабарламада.

2025 жылдың 8 шілдесінде әлем жұлдызының кейінгі 6 жылдағы алғашқы гастрольдік сапарын бастады. Up All Night бағдарламасы аясында Джей Ло Астана (1 тамыз) мен Алматыда (10 тамыз) концерт бермек.

Еске салайық, әншінің Мысырдағы концерті 4 шілдеге жоспарланған болатын, алайда концертке аз уақыт қалғанда ол 30 шілдеге ауыстырылған болатын. Бұған орындаушының гастрольдік кестесіне енгізілген түзетулер себеп болған.

ТАСС тілшісінің хабарлауынша, Лопестің Мысырдағы концерті үлкен ажиотаж туғызып, кіреберіс маңында адам кептелісіне алып келді.

Барлық жаңалықтар