Дженнифер Лопес қазақ әйелінің «мәдени төлқұжатын» көрсетті

Дженнифер Лопес қазақ әйелінің «мәдени төлқұжатын» көрсетті

Америкалық әнші және актриса Дженнифер Лопес Instagram парақшасында қазақтың ұлттық әшекейлерін тағып түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды Democrat.kz.

Суреттерде жұлдыздың қолында алтын білезік — дәстүрлі қазақ әшекейі анық көрінеді. Желі қолданушыларының пікірінше, Лопес Қазақстанмен кездесу әсерінен әлі арыла қоймаған сияқты.

248 миллионнан астам жазылушысы бар әншінің жазбасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған пікірлер жинады.
«Әлемдегі ең сұлу әйел», «Қазақтың ұлттық әшекейлері керемет», «Саған қазақ әшекейлері ерекше жарасады. Дәстүр бойынша олар ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Сен де сақтап, уақыт келгенде табыстайсың деп үміттенеміз», — деп жазды жанкүйерлер.

Ерекше назар бесбілезікке ауды — ол бес бөліктен тұратын білезік. Желі қолданушыларының айтуынша, әр бөлік әйел өмірінің үйлесімді болуына қажетті бес маңызды құндылықты бейнелейді: денсаулық, отбасы, береке, бақыт және қорғаныш.

Бұған дейін Лопес қазақстандық шебер жасаған есімі жазылған алтын алқаны көрсеткен еді. Ұйымдастырушылар әншіге білезік өздері сыйға тартқанын растады:

«Ешқандай ерекше нәрсе емес, тек Дженнифердің біздің сыйға берген алтын қазақ білезігімен түскен селфиі», — деп жазды компания.

Желі қолданушылары танымал әртістердің осындай қадамдары ұлттық мәдениет пен дәстүрді насихаттауға үлес қосатынын атап өтті.

Еске салайық, 10 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда Дженнифер Лопестің Қазақстандағы алғашқы концерті өтті. Бұл — оның Up All Night әлемдік туры аясында елімізге жасаған сапары. Бұған дейін әнші Астанада өнер көрсеткен.

Алайда концерт кезінде бірнеше тосын жағдай орын алды. Әнші сахнадан түсіп, көрерменмен сәлемдескен сәтте үстінен белгісіз қызғылт зат ұшып келіп, басындағы кепкасын қағып кетті. Сондай-ақ, бір нөмір кезінде сахнаға күтпеген «қонақ» — шегіртке шықты. Лопес әнін үзбей, жәндікті сабырмен алып тастады.

Барлық жаңалықтар