Доллар тағы қымбаттады: KASE-де бағам қанша көрсетіп тұр?

Доллар тағы қымбаттады: KASE-де бағам қанша көрсетіп тұр?

26 тамыздағы Қазақстан қор биржасының күндізгі саудасында доллардың орташа бағамы 458,87 теңгеге дейін көтерілді. Бір күнде АҚШ валютасы тағы 66 тиынға қымбаттады, ал халықаралық нарықта мұнай бағасы төмендеді, деп жазады Democrat.kz.

KASE-дегі күндізгі валюталық сауда сағат 15:30-да аяқталды.

Оның қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 458,87 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,66 теңгеге жоғары.

Ресей рублінің биржалық бағамы 5,45 теңгеге, Қытай юані 68,25 теңгеге жетті.

Ал Алматы мен Астанадағы айырбастау орындарында доллар шамамен 458,5–460,6 теңге аралығында сатылып және сатып алынып жатыр.

Сол күні әлемдік нарықта негізгі мұнай маркаларының бағасы 2–3 пайыз шамасында төмендеді. Brent баррелі шамамен 86,7 доллар маңында саудаланды.

Ұлттық банк 26 тамызға ресми доллар бағамын 458,48 теңге деп белгілеген болатын.

Барлық жаңалықтар