"Досым әкесіне тоқал сыйлады"дейді танымал журналист

"Досым әкесіне тоқал сыйлады"дейді танымал журналист
Журналист Ербол Мәндібек отбасылық мәселе туралы жазба жариялап, әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды деп жазады Democrat.kz.
 
"Әй, байғұс-ай. Кеше кешкісін бір қыз звондады. Ішіме сыймай тұрған мұңым бар, соны айтайын жазыңызшы деп.
 
Әкеміз алдағы қара күзде алпыс жасқа толады. Біз 6 ағайындымыз. 5 ұл және мен. Өмірбақи қара бейнет көрген әкеміз қашан рақат көреді? Әлі күнге дейін біз дегенде жаны қалмайды.
 
Алпыс жасына қытайский болса да бір машина мігізейік деп анау 5 ұлға айттым. Басында барлығы дұрыс деп қолпаштады. Бірақ, уақыт таяғанда бәрі басқаша болды.
Мына қыздың айтуынша, 5 ұлдың бесеуіне де әйелдері әмірлік жүргізеді. "Бұл жолы қоя тұр, жетпіс жасына мінгіземіз",-деген жауап келіпті.
 
"Ашудан, ызадан өзегім өртеніп барады. Советтің тракторын айдап, тоқсаныншы жылдарғы тоқырауда тістеленіп жұмыс істеп, бізді аш қылмаған қайран әкем. 5 ұлың өзіңе тартпағаны қалай",-деп еңіреп жылады.
Әкеңізді білдік. Анаңыз қандай адам еді?
 
"Анам әрине алтын адам. Әкеме бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңес айтып, бір тиынын екеу қылып, екеуі бізді жеткізген ғой",-деді.
 
Осы тұста мен де тілімді тарттым. Әкесі әйелін сыйласа, тыңдаса, әйелінің бағытымен жүрген болса оның ұлдары да сондай болады емес пе! Демек олар да әйелімен ақылдасып шешім шығарған.
 
Қазақтың қызына да, ұлына да айтарым. Қолдан келсе папаларыңа елу жасында машина мінгізіңдер. Кредитке, қарызға алсаңдар да ең бірінші әкелеріңе машина алып беріңдер.
 
 Тіпті, әкелерің қартайғанда жас иіс аламын десе де қарсы болмаңдар, тілегін орындаңдар!
 
Жуырда менің таныс досым 63 жастағы әкесіне 39 жастағы оң жақта отырып қалған жас қызды алып берді. Зеркальный номер деген осы шығар деп күлді.
 
Ал, келіндер мұндай маңызды шаруаға қашан да мешайт қылады. Бір бармағын ішіне бүгіп тұратын біртүрлі қауым. Келінге келін болсаң ғана жағасың деген мақалды дұрыстап зерттеңдер.
 
Ең бірінші әйелді емес әкені тыңдаңдар. Өкінішке қарай бізде керісінше болып барады. Қазақтың еркектері қатыннан қорықпаушы еді, не түлен түрткенін түсінбедім..." Деп жазды Ербол_Мәндібек.
 
Журналистің бұл жазбасын қолдаушыдан гөрі, сынағандар көп болды. 
 
"Әкесіне тоқал сыйлау" дегенге қатысты жұрттың пікірі ашуға толы шықты. 
 
Барлық жаңалықтар