Психолог Айжан Кажимова дінге қатысты пікір білдіріп, сұмдық бір оқиғаны мысалға келтірді деп жазады Democrat.kz.
"Менің досым Исламды танимын деп жүріп, өзін өмірден жоғалтып алды. Өте таза, идеал адам еді. 1978 жылғы еді.
Сол жігіт бір қызбен кездеспеген, ешбір қызбен жақын қатынаста болмаған күйі өмірден өтіп кетті. Дінге баспен кіріп кеткені сонша, әйелге жоламады.
Үйленбеді, ұрпақ сүймеді. Негізі бұл табиғатқа қарсы нәрсе ғой. Алланың өзі ұрпақ сүйіңдер дейді.
Сол жігіт дінге кіріп, дін жолымен жүріп, басымен кіріп кетуінің себебінен солай болды деп ойлаймын соны" дейді психолог.