"Досыма рақмет!": Мөлдір Мұқанова сүйінші жаңалығымен бөлісті

"Досыма рақмет!": Мөлдір Мұқанова сүйінші жаңалығымен бөлісті

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі, танымал әнші Мөлдір Мұқановаға құрбысы көлік сыйға тартты деп жазады Democrat.kz.

"Алла адамға айтпай сынақ ғана бермейді, айтпай сыйлық та береді. Ниетің қандай түзу болса - жолыңа да тілектес, ниеттес адамдар жолығады.

Екі аяғыма шүкір деп жаяу жүргенімде Айгүл төрт аяқты тұлпар сыйлап таңғалдырды. Көркің де, көлігің де, өмірің де тозбасын деп тілек білдірген досыма үлкен рақмет!

Қазақ бай болсын, бір-біріне сай болсын!
Дөңгеленген дүниеде көліктеріңнің дөңгелегі айнала берсін құрбым!"деп жазған Мөлдір Мұқанова көлікке ие болған сәтінен видеосын да жариялады. 

Барлық жаңалықтар