Гүлнар есімді блогердің ДЦП балаларға қатысты мәлімдемесі күллі әлеуметтік желіні шулатып жатыр деп жазады Democrat.kz.
Гүлнар блогер: "ДЦП бала бейберекет жыныстық қатынас жасаған кісілерден туады деп айтады мамандар. Мұны мен ойлап таппадым.
Жүргіш әйелден ғана емес, еркектің жүргіштігінің кесірінен де ДЦП бала туа білер. Әйелі күйеуге қыз болып шығуы мүмкін. Ал күйеуі үйленген дейін талай жүріс жасаған болуы мүмкін. Міне сондай отбасыларда ДЦП бала өмірге келуі әбден мүмкін.
Науқас баланың өмірге келуі тек бұл нәрсемен байланысты емес. Оның көптеген себебі бар. Бірақ менің айтқым келгені, әкесі не шешесі бұрын ж...п болған болса, ондай отбасыда ДЦП сәби туылуы әбден мүмкін" деді.
Блогердің бұл айтқандары желі қолданушылардың ашуына тигені сондай, тіпті кейбірі бұл блогерді қылмыстық жауапқа тартуды да сұрап бастады.(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)