"ДТП-ның жаңа ережесі": "Көлігі жоқтарға да айыппұл салынсын" дейді журналист

"ДТП-ның жаңа ережесі": "Көлігі жоқтарға да айыппұл салынсын" дейді журналист
Таяуда ғана жол көлік ережелеріне қатысты қатаң және жаңа түзетулер енгізілді. Осыған қатысты қарапайым тілде түсіндірме жазба жариялаған журналист Тоқтар Жақаш ұсыныс жасады деп жазады Democrat.kz.
 
"Жол-көлік ережесіне тағы да қатаң түзетулер енгізіліпті. Бұдан былай елді-мекен ішінде 60 шақырымдық жылдамдықпен ғана жүресің. Дұрыс шығар. Инфляцияның қарқыны тым күшті. Полицияның айлық жалақысы өскен жоқ...
 
Полиция демекші, енді олар бұрынғыдай қайтадан алатаяқ ұстап, жүргізушілерді тоқтатып, қажет деп санаса құжаттарды тексеріп, көлікті тінтитін болды. Заң рұқсат берді.
 
Бұрын мұндай әрекеттер "коррупцияға жол береді және полицияның қызметтік міндетін асыра пайдалануға итермелейді" деп алынып тасталған болатын. Штрафтың көкесін енді көретін шығармыз?
 
Штраф демекші, дәл осы мәселе бойынша мен де бір жарамды ұсыныс айтсам деймін.
 
Қайдан шықса одан шықсын, бұдан былай машинасы бар адамға машинасы болғандықтан, машинасы жоқ адамға машинасы жоқ болғандықтан, тірі адамға тірі жүргендігі үшін, өлген адамға өліп қалғаны үшін ай сайын 10 МРПдан штраф салып отырса АҚШ пен Қытайдан әлдеқайда күшті дамып кетер ме едік деп ойлап қоямын. Сөйтіп те көрсек қайтеді екен?"деп жазды журналист. 
Барлық жаңалықтар