Танымал журналист, қоғам белсендісі Дина Елгезек Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбайға үндеу жасап, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Мақсат Толықбай, хайп қуған депутат сен бе, мен бе?
“АЭС-ты Ресей салмайды” деп халықтың алдында ант-су ішкен депутат өзің едің ғой?!
АЭС-ты Ресей салатын болды!
Неге өз сөзіңе жауап бермейсің?
Әлде идеологсымақтардың тапсырмасын орындадың ба?
АЭС-ты Ресей салмайды деген ақпарды кімнен алдың? Неге жауап бермейсің елдің алдында.
Бұл -бір!
Енді “марапаттты қоғамдық ұйымдар таратып жатыр” деп тағы да бүкіл проблеманы қоғамға аудара саласың!
Айналайын ау, мемлекеттік марапатты, атақ пен медальды таратып жатқан мемлекеттің өзі емес па?
Алдымен идеологтарға осыны неге айтпайсың? Әлде қорқасың ба?
Мемлекет жөн-жосықсыз атақ пен медаль таратуды доғартса, бұл мәселе өздігімен шешілмейді ме? Үкімет “қоғамдық ұйымдар атақ таратуға болмайды” деген бір жапырақ қағазға мөр қойылған бұйрық шығара салса, сап тиылады ғой.
Әлде Парламент мінберінде айғайлап көтеретін мәселе жоқ па?
Жеке менімен сөйлескенде: “Жаңа Қазақстан” деген өтірік аңыз. Пәлен-пәштүгін” деп жылап-еңіресің де, ал фб бетінде “хайп қуған” дейсің.
Осы қылығың жігіттікке жатады ма, айтшы?
Керемет болсаң, тапсырыспен жұмыс істемегені үшін Парламенттен қуылған Гауһар Танашева секілді қайсарлық неге танытпайсың? Әлде оған “духың” жетпей ме?", деп жазды Дина Елгезек.