Экс шенеунік Ғани Қасымов өткен дәуір мен қазіргі заманды салыстырып, биліктегі әріптестеріне үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында Ғани Қасымов: "Кеңестік уақытта былай еді: қай жерде жұмыс істесең де — өнеркәсіпте ме, ауыл шаруашылығында ма — бәрі ортақ қазынаға түсетін…
сен жалақы алатынсың…
Ал қазір сен жұмыс берушіге немесе компанияға тәуелдісің…
келісімшарт немесе контракт негізінде…
Ал шағын немесе орта бизнес бос, игерілмеген кеңістіктерді өзі іздеп тауып, өз еңбегімен сол олқылықтардың орнын толтырады… міне, сонда сұрақ туады: егер миллиондаған азаматтар мемлекет көмегінсіз өздерін өздері қамтамасыз етіп отырса, онда неге мемлекет үкімет арқылы жеке бизнесті тұншықтыру атмосферасын жасайды — ойдан шығарылған жаңа-жаңа салықтар, бақылау мен тексерулер арқылы?…
Үкімет жалпы экономиканы көтерумен, сондай-ақ кәсіпорындармен, қорғаныспен, әлеуметтік мәселелермен және денсаулық сақтау, білім берумен айналысуы керек…
Барлық кәсіпорындар, зауыттар, фабрикалар, компаниялар, жер қойнауын пайдаланушылар ұлттық жылдық бюджетті құруға міндетті ғой… және бұдан басқа жол жоқ…
Ал шағын және орта бизнес бюджетке бәріне түсінікті бір ғана салық төлеуі керек, қосымша ондаған ойдан шығарылған төлемдерсіз…
Өйткені солай жасау керек, халқымыздың әл-ауқатын көтеру үшін !
эй, билік дәліздеріндегі адамдар, ояныңдар!!!!…"деп жазды.