Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов “Зamandas” подкастына берген сұхбатында бір уақытта екі әйелмен қатар отбасылы болғанын айтып, өмірінің ең даулы кезеңі туралы әңгімеледі деп жазады Democrat.kz. сайты Stan.kz ке сілтеме жасап.
Сұхбат барысында Айдарқұлов өмірінің бір кезеңінде екі әйелмен қатар отбасылы болғанын ашық айтты. Ол алғашқы жарымен ресми некеде тұрса, екіншісімен діни неке арқылы байланысқан. Актердің сөзінше, екінші әйелімен ол фильм түсірілімі кезінде танысқан. Сол уақытта оның заңды некеде үш баласы бар отбасылы азамат болған.
“2016 жылы Ақбота-Нұр Абайқызымен фильмге түсетін болдық. Бұл оның алғашқы фильмі болғандандықтан, екеуміз жеке дайындалып жүрдік. Сол кезден бастап арамызда сезім пайда болды, кейінірек түсірілім барысында одан сайын жақындаса түстік. Астанадан жаңа пәтер алған едім, бірінші әйеліме оның кілтін беріп, қалағандай етіп құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат бердім, ол ешнәрсені түсінбей қуана-қуана кетті. Бұл әрекетке әдейі бардым десем де болады. Ақбота-Нұр менің үйленген ер азамат екенімді білді”, – деді ол.
Өнер иесі Ақбота-Нұр Абайқызымен екінші неке қиылғаннан кейін ғана бұл жағдайды бірінші жарына хабарлағанын жеткізді.
“Уақыт өте қарым-қатынасымыз туралы бірінші әйеліме айтамыз деген шешімге келдік. Сөйтіп оған қоңырау шалып, екінші рет үйленгенімді, оның жүкті екенін айттым. Ол бірден Алматыға қайтып келіп, арада жанжал басталды. Біршама уақыт өткеннен кейін бірінші әйеліммен қарым-қатынасымды түзедім. Ол менің ажыраспайтынымды түсініп, бәрін бұрынғыдай қалдыруға келісті, бірақ жұрт бұл туралы білмеуі керек деп шарт қойды. Алайда кейінірек бәрібір шындық халыққа жетті”, – деді ол.
Актер 2017 жылы бірінші әйелімен ажырасқан, кейін екінші әйелімен заңды некеге тұрған. Алайда 2020 жылы екінші әйелімен де ажырасып кеткен. Қазір олардың бір ұлы бар.
Сондай-ақ ол ер адам екінші әйел алатынын бірінші жарына алдын ала хабарлауға міндетті емес деп есептейтінін айтты.
“Ер адам бірінші әйелін тағы бір рет үйленетіні туралы ескертуге міндетті емес. Бірақ адамды алдын ала дайындап, хабар берсең немесе, мысалы, некеге тұрар алдында айтсаң, жалпы жоспарыңды бөліссең, өзіңнің арың таза болады. Ал менің жағдайымда мен ешкімді ескертпедім, айтпадым. Тіпті екінші рет үйленемін деп те ойламадым. Бірақ жағдай осылай ұласты. Өзімді кінәлаймын ба? Алдын ала айтпағаным үшін – иә, ол адам маған сенді”, – деді ол.
Дәурен Айдарқұлов қазақстандық әйелдер көбінесе күйеуінің бірнеше әйел алуына келісуден гөрі, жолдасының сыртта көңіл көтергеніне көз жұма қарайтынын айтады.
“Мені дінге жақын адам ретінде ең көп қынжылтатыны – көп әйелге күйеуінің екінші, үшінші, төртінші әйел алуына келісуден гөрі, ашынасы бар екенін біле тұра көз жұма қарайтыны. Бұл дүниені ер адамдар да түсінеді. Олар екінші әйел алған жағдайда бірінші отбасы бұзылуы мүмкін екенін біледі, балаларын қимайды. Сондықтан кейде осындай күнәлы әрекеттер арқылы отбасын сақтап қалуға тырысады. Біз еркекпіз ғой, сондықтан Алла бізге екінші, үшінші, төртінші әйел алуға рұқсат берген”, – деді ол.
Ол ер адамдың неліктен бірнеше әйел алуға бейім келетінін түсіндірді.
“Әйелдер мінсіз болмайды, бірі тамақты дәмді дайындайды, бірі балаға қамқор, енді бірі еңбекке бейім. Ер адам барлық жақсы қасиетті бір әйелден іздеуге тырысады, ал жетіспейтінін екінші әйелден таппақ болады. Бірақ шын мәнінде мәселе екі еселенеді”, – деді ол.
Желі қолданушылардың сыны
Актердің сұхбатыт қазақстандықтардың ашуын тудырды. Олардың қатарында подкасттың авторларынан өнер иесін сұхбатқа не үшін шақырғанын сұрағандар бар.
“Қана, подқастқа мұндай қонақты шақыруларыңыз себебі неде?”, “Менің түсінбегенім – бұл сұхбатқа ақша төленген бе, әйтпесе мұндай адамды не үшін шақырады?” – деп жазған олар.
Сонымен қатар қолданушылар түрлі теріс пікір жаудырып жатыр.
“Дәурен сұхбат соңында дәл қазір үйленуге тағы басқа іздеп жүрмегенін, себебі бұл қиын екенін айтты, сұмдық”, “Біздің қоғамда патриархаттың әлі де күші бар екенінің дәлелі. Болашақта мұндай адамдармен тіпті амандасудан бас тартады деп үміттенемін. Ал “Замандас” көз алдымызда түсіп жатыр”, “Бірінші, екінші әйелім деп отыр, оған бала сыйлаған әйелдерді өз атымен айтатындай сыйлап отырған жоқ. Мен оған қарап, балалық шағында анасынан жылулық сезінбеген, іштей бақытсыз еркекті көріп отырмын. Міне, салдарынан осындай өмір салты, ересек адамдарша жақсы қарым-қатынас құра алмайды”, “Тым болмағанда, мұндай адамдардың қалай ойланатынын білдік. Оған басын МРТ-ға түсіру керек сияқты, мүмкін оған білікті мамандардың көмегі керек шығар”, – деп жазған олар.