"Екі әріп үшін мені сатты": Танымал блогер күйеуін "ұстап алғанын" айтты

"Екі әріп үшін мені сатты": Танымал блогер күйеуін "ұстап алғанын" айтты

Танымал блогер Салтанат Аманқосова күйеуінің жүріс жасап, көзіне шөп салғанын айтып, жан сырын ақтарды деп жазады Democrat.kz.

"Бір түсінгенім: Жаратқаным мені қатты жақсы көреді екен. Дер кезінде адамдардың қандай екенін көрсетсе де, жүрегім “мүмкін өзгереді, төбесіне келді” деп ақтап ала беретін.

Оны бар кемшілігімен қабылдап, айналасындағы бүкіл адамды жылы қабақпен қарсы алып, жақсы көзбен қарап жүрген мен ақымақ екенмін. Сөйтсем, мені сөзбен алдап, өзі түнімен қонақүйлердің табалдырығына жөлептерін сүйреп жүрген екен ғой.

Видео-фотоларын көрмейінше сенбеп едім… Көргеннен кейін “менің көзімдегі көзілдірігім шешілді” Еркекке сонда тек сол керегі екен ғой… Бала көтерсең де, ауырып қалсаң да, оған тек сол 2 әріп болса болғаны екен ғой.

Ниетіне қарай көреді. Менің көңілім ақ, оған берілген адал болған. Сезім мен сенімді таптап кетті. Менің жаным ескіге екінші рет сенгісі келмейді. Осымен ендi ол адам туралы сұрамаңыздар. Өмірімнен сызып тастадым.

Бүгінгімен уже 5-ші күн ұйқым жоқ. Ұйықтай алмаймын. Не дұрыс тамақ та жеп жүргенім жоқ. Жасымның бәрі жиналып қалғандай, тек тоқтамай көзден жас аға береді. Жасаған бар жақсылығыма берген жауабы осы ма?! Деп қалдым.

Ал, бүгін менде уже эфир. Менің ұйықтамағаныма 5 күн болды. Көзімнің айналасы қарайғаннан белгілі болып тұрған шығар. Жүкті кезде ауыр тиеді екен. 5-10 минуттық ләззат үшін аманатқа қиянат жасай салу - ол оңай болғаны ма?

Айтарым қалмады. Дос-туыс, жақындар? Жекеге жазып, түбiрiнен дейiн сұрап, өсек іздегендей жазбандаршы… Ешкімге жеке жазып отырғым келмейді. Осы стористарыммен НҮКТЕ болсын. Мен эфирде товар сатып тұрғанымда, ол басқа жөлептерінің қойнында болған екен…"деп жазды блогер. 

Барлық жаңалықтар