Абай облысының соты 12 және 13 жастағы екі қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған заң факультетінің студентіне қатысты істі қарады, деп хабарлайды Democrat.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, сотталушы 2022 жылдың мамырында және 2025 жылдың қаңтарында Семей қаласында жас балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасаған.
Сот отырысында ол тағылған айыпты мойындамай, өзін ақтауды сұрады. Дегенмен, сот оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтейді.
21 жастағы К. есімді сотталушы кінәлі деп танылып, оған қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп жазылған сот хабарламасында.
Сот үкіміне сәйкес, ол қылмыстардың жиынтығы бойынша педагогикалық қызметте жұмыс істеу және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан да айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.