Экс-әкімнің кесапаты: Жантүршігерлік оқиғаға әкімнің қатысы бар ма?

Экс-әкімнің кесапаты: Жантүршігерлік оқиғаға әкімнің қатысы бар ма?

Ақтоғайдың экс-әкімі арызқой боп кетті. Пасық адамның белгісі: өзі бола алмайды, болғанды көре алмайды.

Атам қазақтың қай мақалы болсын, өміршең ғой, шіркін! Дәл осы дана ұлағат іріген аузынан шіріген сөз шыққан Никанбай Омархановқа дәл келеді. Ойпырмай, жатып алып, бұрқыратып арыз жазғанда алдына жан салмайды. Өзінше халыққа жаны ашығансып, аузына келгенін оттай береді екен.

Бұрын алдыңғы буын қариялар елге ақыл айтып, белең алған дау-дақпыртты тоқтатушы еді. Никанбайың барып тұрған арандатушның нақ өзі...

Туған жерінен – Қарағандыдан Мәжіліске сайланған азаматтарға батасын беріп, аталы сөзін айтудың орнына «мандатыңды тапсыр» деп бірден жағасынан алып, дікеңдей жөнеледі екен...

Халық қалаулыларын ашық түрде тұқыртқан бұл не деген көзсіз батыр? Кім екенін білейін деп, интернетті бір шолып шықсам, сау сиырдың жапасы емес, былығы көп біреу екен. 2000 – 2018 жылдар аралығында Қарағанды облысының 3 ауданын (Қарқаралы, Ақтоғай, Нұра аудандарын) басқарған шағында елге тигізген кесапатын жергілікті халық айтып тауыса алмапты. Демек, өзгені сөгетіндей жөні жоқ, қайта елден кешірім сұрауы тиіс көп арсыздың бірі болып шықты. Ол аздай, тағы бір жантүршігерлік оқиға анықталды. Маған жеткен ақпаратқа сенсек, мойнында кісі өлімі бар көрінеді. Ақтоғайда әкім болып жүргенде қарамағындағы қызметкер – лицей директорының орынбасары өзіне қол жұмсап, соңғы хатында «өліміме кінәлі – Никанбай Омарханов» - деп жазып кетіпті (суретте).

Мемлекеттік қызметте жүріп, көпке өнеге көрсете алмаған адам – бүгін қай бетімен елге ақыл айтады?! Сонда оның шүйлігіп отырғаны – Қарағандыдан шыққан Мәжіліс депутаттары - Askhat Aimagambetov, @qudaybergen_beksultanov, @smagulov, Unzila Shapak сынды елге еңбегі сіңген тұлғалар. Бұл депутаттар өз міндетін тиісті деңгейде атқарып жүрген секілді. Елге жиі келеді. Халықпен кездесіп, жағдайын сұрап, ашық сұқбаттасады.

Қарағанды – алыптар туған топырақ. Өзге өңірдің ақсақалдары талапты азаматтарды арқасынан қағып, жөн сілтесе, мынауың аяқтан шалып, күйе жағады. Алдымен өзінің шкафын "скелетерден" тазартпай ма?!.

Жасында жарытып ел басқара алмаған сорлы, қартайғанда қайсыбір пайда әкелер дейсің. Елге іріткі салып, дегбірін қашырудан басқа не өндірді?!.

Адам өлімін жылы жауып қойып, кердең басып, кекірейіп жүргеніне қарағанда қазығы мықты болып тұр ғой... Демек, осының өзінде бір гәп бар. Халық мүддесін қорғағансып, өз бойындағы психологиялық кемістікті, орысша айтқанда, комплексін жасырмақ.

Бұл – «Ескі Қазақстанның» өкілдеріне тән әдет. Қайтсін, шалқып өмір сүрген дәуірі өтті, кетті. Ауыру қалса да, әдет қалмайды деген осы ғой.

Ораз ӘЛІМБЕК, журналист.

Барлық жаңалықтар