Экстремистік және террористік материалдарды басып шығарғаны мен тасымалдағаны үшін жауапкершілік күшейтіледі

Экстремистік және террористік материалдарды басып шығарғаны мен тасымалдағаны үшін жауапкершілік күшейтіледі

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулермен экстремистік және террористік материалдарды дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау және тарату үшін бұрыннан белгіленген жауапкершілікке қоса, оларды басып шығарғаны үшін де әкімшілік жауапкершілік енгізіледі деп жазады Democrat.kz.

Бұл норма «Терроризмге қарсы іс-әрекет туралы» және «Экстремизмге қарсы іс-әрекет туралы» заңдармен, сондай-ақ Азаматтық процестік кодекспен үйлестіруге бағытталған.

Бұдан бөлек, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен үйлестіру мақсатымен Азаматтық процестік кодекске және «Терроризмге қарсы іс-әрекет туралы» және «Экстремизмге қарсы іс-әрекет туралы» заңдарға экстремистік және террористік материалдарды тасымалдауға тыйым салатын түзетулер енгізілді.

Сондай-ақ терроризмге қарсы іс-әрекетті және экстремизмнің алдын алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыреті нақтыланады.

Сонымен қатар депутаттар салық заңнамасында көзделген жағдайларда бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаларды әкімшілік жазаны орындаудан босату жөніндегі түзетуді ұсынылды.

Дереккөз: ҚР Парламенті Мәжілісі

Барлық жаңалықтар