Әлеуметтік желідегі парақшасында көлікте отырған видеоларын үнемі жариялайтын спортшы Елдос Сметовтің әрекеттері жұртттың наразылығын тудыруда деп жазады Democrat.kz.
Спортшы Елдос Сметов ел назарында жүрген азамат екені белгілі. Осындай танымал кісілердің еліміздің заңдарын назарға алмай, әлдебір әрекетімен заңды бұзатыны жұртқа жақпай қалды.
Әдеттегідей оқырмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, видео жариялаған Елдос Сметов бұл жолы да көлігін қорғаныш белдігін тақпай жүргізіп бара жатты.
Бұған дейін де Елдос Сметов дәл осындай бірнеше видео жариялағанын жазған болатынбыз. Әйтсе де, "чемпионмын" дегені ме, әлде Қазақстан мемлекетінің заңын спортшы сыйламай ма, белгісіз, әйтеуір көліктегі осындай видеоларын жариялауды тоқтатар емес.
Ел адында жүрген азамат осылай заңды аттап отырса, оны көрген басқалар, жастар да сондай әрекетке бармай ма? Әлде, спортшыларға бөлек заң жазылған ба?
Елдос Сметовтің осы видеосының астына да заңнан хабары бар сауатты кісілер ескерту жасап жатыр. Алайда оны назарға алатын спортшы бар ма?