Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында танымал тамада Елдос "колобок" ай сайынғы табысы мен шығындарын айтып берді деп жазады Democrat.kz.
"Ай сайын ең азы 4-5 млн теңге табамын. Бірақ айдың соңына дейін жетпей қалады.
Содан бір күні отырып, қалам мен блокнот алып, ай сайынғы кіріс пен шығысты есептеп жазуды бастадық.
Сол айда бәрін есептеп, қай нәрсеге көп ақша жұмсайтынымызды көрдік. KFC мен киноға баруға ең көп ақшамыз кетеді екен.
Осындай бос шығындарды қысқарып, бір, екі мың доллар айына жинай бастадық.
Әр айдың басында осы айда мынанша нәрсеге шығын, мынанша нәрсеге төлем жасаймыз, мынанша сома жинауға деп бөлек қоятын болдық" деген Елдос осылайша кәдімгідей үлкен сома жинағанын айтты.