Елдос Колобок сәбиінің денсаулығына қатысты жұрттан ақыл сұрады

Елдос Колобок сәбиінің денсаулығына қатысты жұрттан ақыл сұрады

Танымал тамада, блогер Елдос Колобок әлеуметтік желіде сәбилерін қалай қарап жатқандары туралы айтып, жұрттан ақыл сұрады деп жазады Democrat.kz.

 

"Келіншегіме бала туып берші әры қарай өзім қараймын, тек емізіп бер болды дегенмін кезінде… Қазір кезектесіп қараймыз балаға күндіз де түнде де. Өз кезегімде шаршап маңырап қалатыным ше. Содан кейін өзіме ұрсып қоямын ғой “осы күнді аңсадың ғой, кө*іңді қысып қара балаға” деп. Бала туып, оны бағып қарап, түн ұйқысын төрт бөлетін аналарға шексіз алғыс. Мықты екенсіздер. Айтпақшы сарын қалай тез емдеп жатырсыздар? Лампаға жатқызып жатырмыз, дәрігер қарап кетіп жүр, күніне екі рет холудексан беріп жүрміз", - деді Елдос "Колобок". 

 

Блогердің оқырмандары осы тұста түрлі пікір айтты.

"Күнге жатқыз терезенің алдына, кетеді уайымдамаңдар, бәрінде болады. Жөндеп қараңдар балаға", "Қара, қара. Таңшолпан демалсын", "Ұзағынан болсын", деп жазды жанашырлары. 

Барлық жаңалықтар