Елдос "колобок" сәбиінің қуанышы үшін уыстап алтын таратып, долларды шашу етіп шашты

Елдос "колобок" сәбиінің қуанышы үшін уыстап алтын таратып, долларды шашу етіп шашты

Танымал асаба, блогер Елдос "колобок" ұлын қырқынан шығарып, ұлан асыр той жасады деп жазады Democrat.kz.

Елдостың әйелі Таңшолпан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сәбилерінің қырқынан шығу тойынан видео жариялап: 

"Әлемнің құдалығы сияқты болды ғой
Алла сол күнге жеткізсін

Қырқынан шығару аман-есен өтті
Бұйыртса бесік тойда кездесейік

Кім қуанса бұл тойға, дәл осындай той көрсін"деп жазды. 

Видеодан байқағанымыздай, Әлем сәбидің қырқынан шығару рәсімінде долларлар шашу болып шашылды. Сәбидің нағашыларына уыстап алтын тарту етілді. Жұрт жапырылып, "бізге де осындай той бұйырсын" деп тілек жазып жатыр. 

Барлық жаңалықтар