Әлеуметтік желіде бірінен кейін бірі "блогер, тамада Елдос Колобокқа алданып қалдық!"деген кісі саны күн санап көбеюде. Осыған байланысты психолог ұтыс ойындарына қатысатын сондай адамдарға өз ақылын айтты деп жазады Democrat.kz.
Threads әлеуметтік желісінде ұтысқа қатысып, байып кетем деп ойлайтындарға арнап видео салған психолог Айгүл Серікбайқызы: "Қазір "Елдос Колобоктан шай сатып алып, алданып қалдық" деп жатқан адам көп.
Сондай адамдарға айтарым, бір нәрсені сатып алып, байып кетемін деген иллюзиядан шығу керек.
Иллюзиясына байланған адамдарда сол себепті де реніш пайда болуда. Бұл дегеніміз, сондай адамдардың "жертва" позициясын таңдауында.
Өздері әрекет етпей, тосыннан біреу сыйлық береді деген санадан арылу керек" дейді.
Психологтың осы видеосының астына да үлкен ұтыстан дәмеленіп, Елдос Колобоктың шайын сатып алып, түк те ұтпағанын айтқан кісілер пікір жазуда.