Тамада Елдос "колобоктың" үйінен бөтен кісі тастап кеткен тарақ табылып, әйелі Таңшолпан екеуі ренжісіп қала жаздады деп жазады Democrat.kz.
Елдостың жол шабаданының ішінен өзі білмейтін тарақ шықты. Бұл туралы видео түсірген ол "тарақ менікі емес, кімдікі екенін білмеймін" деп әйелі Таңшолпанға барынша ақталды.
Әйтсе де, біраз уақыттан кейін Елдос үйінің ішін, бұрыштардың барлығын қарап шыққанын айтып:
"Тарақ шыққан соң, үйдің бүкіл бұрыштарын тексеріп, қарап шықтық. Ол тарақты кім қандай оймен тастап кеткен болса, мақсаты орындалмады.
Ол тарақ ешкім ашпайтын шкафтың ішіндегі сөмкеден шықты. Қандай ниетпен тастап кеттің? Құдай біздің жақта екен, дәл сол шкафты аштырып, дәл сол чемоданды алдырды ғой. Ниетің орындалмады" деді.