Әлеуметтік желіде Елдос Сметов пен әйелінің бір тойдағы видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.
Елдоспен тойға келген келіншегін асаба ортаға арнайы шақырып бірнеше сұрақ қойды.
"Елдос бір жаққа кетіп бара жатса, қайда барасың деп сұрайсың ба?" Деген асабаға Елдостың әйелі Балауса ешқашан ондай сұрақ қоймайтынын айтты.
"Сегіз жыл отбасылық өмірде қайда баратынын өзі де айтпай ма?" Деген сұраққа "жоқ айтпайды" деген Балауса ештеңесін айтпайтынын айтты.
"Соңғы рет олимпиадаға кетіп бара жатқанда және чемпион болғанын да айтпады ма саған?" Деп сұрады асаба.
"Оны айтты ғой" деген Балаусаның жауабына жұрт армансыз күлді.

