Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Тараз қаласындағы ауруханалардың бірінде операция жасатты, деп жазады Democrat.kz.
Қазіргі уақытта спортшы дәрігерлердің бақылауында. Биыл Сметов халықаралық жарыстарға қатысуға дайындалып жүрген.
Алайда дәрігерлер операциядан кейін толық оңалту кезеңінен өту қажет екенін айтқан. Сондықтан спортшының жаттығу мен жарыстарға қашан оралатыны әзірге белгісіз.
Сонымен қатар, спортшының балалары да ауруханада жатқаны белгілі болды. Дәрігерлер оларға қызылша диагнозын қойған.