Елімізде ауа райы күрт суытып, -35°С аяз болады

Елімізде ауа райы күрт суытып, -35°С аяз болады

Қазақстанға қатаң аяз келуде: синоптиктер 9-11 желтоқсан аралығында елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде температура -35°С-қа дейін төмендейтінын ескертеді, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты BAQ.KZ -ке сілтеме жасап. 

Солтүстік антициклон Қазақстанға қатты аяз алып келеді.

Метеорологтардың айтуынша, жылы өткен күзден кейін қазақстандықтар қыстың алғашқы ызғарын сезінеді. 9 желтоқсаннан бастап солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге солтүстік антициклон жылдам таралады.

Суық ауа массаларымен толыққан бұл антициклон алдымен еліміздің солтүстік бөлігінде, кейін бүкіл аумағында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының күрт төмендеуіне себеп болады, - деп мәлімдеді синоптиктер.

Түнгі уақытта термометр көрсеткіші солтүстік өңірлерде -22…-30 градусқа дейін, шығыста -27…-35 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аяз -10…-20 градусқа дейін күшейеді.

Барлық жаңалықтар