Елімізде өндірілген техника өрт қаупі жоғары кезеңде тиімді пайдаланылуда — Олжас Бектенов

Елімізде өндірілген техника өрт қаупі жоғары кезеңде тиімді пайдаланылуда — Олжас Бектенов

 QazTehna кәсіпорнында автобус, коммерциялық және арнайы техника өндірісін локализациялау деңгейін екі есеге жуық арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы компанияның бас директоры Александр Цой Үкімет отырысында мәлімдеді деп хабарлайды Democrat.kz.

«2026 жылы 4 млрд теңге инвестициямен жеке штамптау өндірісінің жобасы жүзеге асырылды. Өндіріс Qarmet компаниясы өндірген болатты пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жергіліктендіру деңгейін қосымша 11%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар автобустарға арналған компоненттер өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. 2026 жылғы шілдеде жылына 25 мың дана жолаушылар орындығын шығаратын өндіріс, ал қарашада жылына 1,5 мың жиынтық тұтқа өндіру желісі іске қосылды. Сонымен қатар аккумуляторлар мен шиналар өндірісін локализациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде»,

— деді Александр Цой. Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда өндірілетін арнайы техниканың тиімділігі мен маңыздылығын атап өтті.

«Қазір, өздеріңіз білетіндей, өрт қаупі жоғары кезең. Ауа температурасы да күрт көтеріліп отыр. Осы ретте QazTehna зауытында шығарылған заманауи өрт сөндіру техникалары үлкен көмек көрсетуде. Аталған техникалар кеше ғана "Семей орманы" аумағында өрт сөндіру жұмыстарына белсенді қатысты. Қазақстанда шығарылған техниканың ел игілігіне тиімді пайдаланылып жатқаны қуантады»,

— деді Премьер-министр.

Барлық жаңалықтар