Елімізде отандық өндірушілерден сатып алынатын мұнай-газ жабдықтарының тізбесі бекітіледі

Елімізде отандық өндірушілерден сатып алынатын мұнай-газ жабдықтарының тізбесі бекітіледі

Премьер-министр Олжас Бектенов газ саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру кезінде қазақстандық қамту үлесін арттыру қажеттігін атап өтті деп жазады Democrat.kz.

«Мемлекет саладағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қомақты қаражат бөледі. Осы бағытта отандық өндірушілерді кепілдік берілген тапсырыспен қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан Өнеркәсіп және Энергетика министрліктеріне “Самұрық-Қазына” қорымен бірлесіп, бір ай мерзімде тек қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын мұнай-газ жабдықтарының номенклатурасын бекітуді тапсырамын», 

— деді Премьер-министр.

Барлық жаңалықтар