Әлеуметтік желіде әкелері кезінде тастап кеткен, мүлде хабарласпай кеткен, әкелік міндетін атқармаған балалар ортақ чат тобын ашатындарын мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.
ТикТок әлеуметтік желісінде өрімдей жастар әкесіз өскен, қазір де әкесін көрмей өмірін сүріп жатқан балалардың басын қосып, ортақ топ ашпақ ниеттерін айтты.
"Мен де әкесіз өстім. "Нанға кеткен" әкемді ешқашан көрген емеспін.
Дүниеге келгеніме қырық күн толмай жатып, әкем өмірімнен "шығып кеткен" екен. Сол күннен бүгінге дейін оны көрген емеспін. Біз өзіміз сияқты әкесіз өмір сүріп жатқан жастарға ортақ чат ашқымыз келеді.
Ол топта бір бірімізге әке болғымыз келеді", деген бойжеткеннің жанындағы құрбысы Әйгерім де әкесі өз міндетін еш атқармағанын жеткізді.
Әлеуметтік желіде тараған осы видеоның астына жазылған пікірлер жүректі ауыртты. Әке мейірімін, әкенің жылуын көрмей, өмір сүріп жатқан қазақстандық балалар жан сырын ақтаруда.
Ал бүгін баласынан безген әке күні ертең осы баласына күні түсіп, бейшара халге түсіп қалмаймын ба деп ойланбауы - ең ауыр қасірет...