Еліміздегі ең үлкен, ең атақты екі университет туралы жағымсыз ақпарат тарады. Алматыдағы Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Астанадағы Гумилев атындағы оқу орнына қатысты тараған ақпаратта бюджет ақшаларының желге ұшқаны айтылады деп жазады Democrat.kz.
Жоғары аудиторлық Палатаның тексерісі көрсеткендей, біздің жетекші ұлттық университеттер ҰБТ-ны төмен баллға тапсырған немесе мүлде тестілеуден өтпеген студенттерді қабылдаған.
Hronika.kz. сайтының жазуынша, ҚазҰУ-дың стоматология немесе жалпы медицина сияқты мамандықтары бойынша 49 балмен студент атанғандар бар екен.
Өкінішке қарай, бұл студенттер енді жүйелі түрде бейіндік пәндерді игере алмаған және "академиялық адалдықты бұзған".
Мұнан бөлек, ҚазҰУ-да мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған студенттерді жаппай оқудан шығару фактісі бар - 2591 адам, онда мемлекет 2 млрд 697,9 млн теңгені құрайды. Бұл ақша бюджет үшін қайтарымсыз шығын болып табылады, өйткені дайын маман ғана емес, сонымен бірге оқудан шығарылғандардың мемлекетке алған білім беру қызметтерінің құнын өтеу міндеті де жоқ.
Ал астаналық Гумилев атындағы университет жоқ мамандықтарға басқа ЖООдан ауыстырылған студенттер бар болып шыққан. Олар шынымен ауысып келген университетте оқығандары туралы ақпаратты кейін ешкім таба алмаған.