Еліміздің кей жерлерінде күн күрт суытуы мүмкін

Еліміздің кей жерлерінде күн күрт суытуы мүмкін

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнде елімізде күн райы суытатыны туралы болжам жасады деп хабарлайды Democrat.kz.

Мамандардың мәліметінше, қысқа мерзімді жылынудан кейін Қазақстан аумағына кезекті суық антициклон ығыса бастайды. Суық ауа массаларын алып келетін атмосфералық құбылыс алдымен елдің солтүстік өңірлеріне, кейін шығыс және орталық аймақтарға әсер етеді.

Синоптиктердің болжамынша, 22 мамырда солтүстік облыстарда, ал 23 мамырда шығыс және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді.

«Жекелеген аудандарда 3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Күндіз ауа райы 10-15 градус шамасында ғана болады», – делінген синоптиктердің болжамында.

Барлық жаңалықтар