Елордалық кәсіпкерлер Периздентке үндеу жолдады

Елордалық кәсіпкерлер Периздентке үндеу жолдады

Астанадағы «Abu Dhabi Plaza» сауда орталығында орын жалдаған кәсіпкерлер президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады, деп мәлімдейді Democrat.kz todayinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, арендатор тарапынан қысым көрсетіліп, бизнесін тастауға мәжбүр болып отыр.

«Сіз кәсіпкерлікті қорғауды Үкіметтің стратегиялық бағыты деп жариялағансыз. Біздің мәселемізге араласып, әділ шешім қабылдауыңызды сұраймыз», – деді Expresso кофеханасының өкілі.

Бір кәсіпкердің сөзінше, бизнеске 600 мың доллардан астам қаржы салынған, алайда электр қуатын өшіріп, келушілерді кіргізбеу арқылы компанияны шығынға батырып отыр.

Тағы бір кәсіпкер әйел 8 жылға жалға алған кеңселерін небәрі бір жылдан кейін келісімшартты бұзып, ақшаны қайтармай қойды деп шағымданды.

Арыз иелері шетелдік инвестор отандық кәсіпкерлердің құқығын бұзып отыр деп санайды. Олар мемлекет басшысынан жағдайға араласуды талап етті.

 

Барлық жаңалықтар