Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, Жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Халықпен бірге» жобасы аясында жүргізілуде деп жазады Democrat.kz.
2026 жылдың соңына дейін елімізде 34 573 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын бейімдеу жоспарланған. Бүгінде олардың 31 673-і бейімделіп, бұл Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген нысандардың жалпы санының 73%-ын құрайды.
Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ сауда және қызмет көрсету саласының нысандары бар.
Қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жүргізілуде.
Дереккөз: Еңбек министрлігі