"Енді директорлардың бас ауруы басталады" деген белсенді ұстаз өткір пікір білдірді

"Енді директорлардың бас ауруы басталады" деген белсенді ұстаз өткір пікір білдірді
Белсенді ұстаз Сұлтан Сүлеев қазіргі білім саласындағы жаңалықтарға қатысты өз пікірін білдіріп, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
Әлеуметтік желідегі парақшасында Сұлтан Сүлеев оқушылар мен мұғалімдерге қатысты соңғы уақытта депутаттар көтеріп жатқан мәселеге қатысты: "Оқушыларға мектепте телефон ұстауға тиым салынсын деген президенттің жарлығына екі жыл болды. Төменгі жақ әлі толғатып отыр. 
 
Парламентте тиым салу туралы заң әлі талқылануда. Ешкім өзіне жауапкершілік алғысы келмейді. Басқармаға , аудандық білім бөліміне, мектепке сілтемек.
 
Егер тиым салатын болса ата-аналар түтіп жейтінін біледі. Олардың не айтатынын да білемін.
Президенттің жарлығы бар. Несіне күлбілектейді?
Бірақ телефон мектепке керек емес.
 
Буллинг те, сабаққа көңіл аудармау да, білімге деген салқындық та осы телефонның жемісі. Оның көзге,нервке тигізетін зиянын айтпай ақ қояйын. Баяғыда ,партаның астына тығып кітап оқып отыратын балалар айналайын екен деймін.
 
Сол кезде ұрсушы едік. Кәзір солармен жылап көрісетін кезге келдік.
 
Кәзір білім сапасы төмен. Қанша жерден бағаны рисовать етсең де. Мүмкін бұл ойым біреулерге ұнамас. Бірақ бұл шындық.
 
Мектептің қауіпсіздігі енді директордың бас ауруы болады. МВД осылай деп отыр. Өткенде Атырауда балтамен оқушыларды қуалаған оқушының оқиғасынан кейін полиция осылай мән-жайды ашып алмақшы.
 
Мұғалімдер кәзір қызық жағдайға . Баланың затын тексере алмайсың. Жеке мүлкіне қол сұғу болып табылады. Тексермесең әлгіндей балта алып кіруі мүмкін. Ондай жағдайда да мұғалім кінәлі. Жапалақты таспен ұрсаң да,тасты жапалақпен ұрсаң да жапалақ өледі деген жағдай. Және таңертең жүздеген баланы аэропорттағыдай тексеріп кіргізе алмайсың. Сонда не істеу керек?
 
Жекеленген депутаттар кәзір тым белсенді. Ол түсінікті де. Алда құрылтай депутаттарын сайлау. Жұмсақ кресло, жақсы айлық, Ештеңеге жауап бермейсің. Тек мамаңның туған күнін ұмытып кетпесең болды", деп жазды.
Барлық жаңалықтар