Енді жалған ақпарат таратқандар 980 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді

Енді жалған ақпарат таратқандар 980 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді

Жалған ақпарат таратқандар 980 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді деп хабарлайды Democrat.kz Baq.kz сілтеме жасап.

Шындыққа сай келмейтін ақпарат пен жалған медиа контентті тарату фактілері жиілеп кетті. 2023 жылдан қыркүйек айынан бастап елімізде "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" жаңа заң қолданыста.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, оған жаңа заңнамалық ұғымдар енгізілген. Бұл "Инфлюенсер немесе блогер", "жалған ақпарат".

Олар нені білдіреді?

Тұлғалардың беймәлім тобына арналған ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы инфлюенсер немесе блогер деп саналады.

Шындыққа сай келмейтін не қамтылған фактілер едәуір бұрмаланған, жалған түсінік қалыптастыратын ақпарат жалған болып табылады. Заң шығарушы онлайн-платформа ретінде интернет-ресурсты, интернет желісіндегі бағдарламалық қамтылымды, контентті алуға, жасауға, орналастыруға, таратуға және сақтауға арналған лездік хабар алмасу сервисін анықтаған, - делінген ақпаратта.

Барлық жаңалықтар