Танымал журналист Аман Тасыған қара жамылды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Democrat.kz.
Оның әжесі дүниеден өтті.
Журналист қаралы хабарды өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
"Мынау апамның былтырғы бейнесі. Бір жыл бұрын тып-тың арамызда жүрген еді. Осы сөйлемді өткен шақта жазып отырмын. Себебі, кемеңгерім, ақылшым, тектім бүгін біздің жанымызда жоқ. Журналист болып ел алдына шығуым осы асыл апамның текті тәрбиесінің арқасында. Көңіл көңілден су ішер. Мені жұбатқысы келген жақындарыма алғыс айтамын. Дегенмен ішім ашиды. Өкініш өзекті өртейді. Жүрек ауырады. Сағыныш күннен күнге күшейеді. 90 жасқа келді. Апаның арманы жоқ. Балаларының алдында кетті. Дәл осындай жұбатуды көп адам айтты. Апамның арманы жоқ шығар, бірақ менің апама қатысты арманым көп еді… Эх, ажал айтып келмейді. Ал, ажал айтып келсе не істер едік? Көңілде сұрақ көп, жауабы жоқ… Апау, жатқан жеріңіз жайлы болсын. Сізді Алла өз қамқорлығына алсыншы. Осы сөздерді жылап жазып отырмын, ана! Мен сізді қимаймын. Енді менің басымнан кім сипайды. Енді кімге еркелеймін, апа", - деп жазды ол.